20 Маусым 11:12
...

Қазақстандық кәсіпкерлер компаниясын америкалық ірі технологиялар алыбына сатты

Фото:

Qualcomm компаниясы әлемде 5G желісін таратуды жеделдету үшін Cellwize компаниясын сатып алды.

Күні кеше телеком саласындағы беделді ойыншылардың бірі Qualcomm Technologies қазақстандық капитализациясы бар мобильді желіні автоматтандыру және басқару бойынша көшбасшы Cellwize компаниясын сатып алғанын мәлімдеді. Айта кетейік, 2013 жылдан бері дамып келе жатқан Cellwize  компаниясы Алидар Өтемұратовтың инвестициялық жобасы және күні бүгінге дейін ол компанияның басты акционерлері қатарында болды. 

«Қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған компанияның әлемдік нарықта сұранысы артып қана қоймай,  бірегей технологияларды жасап, оған ірі халықаралық компанияның қызығушылық танытқаны бізді қуантады. Бұл қазақстандық жобалардың әлемдік деңгейде бәселекестік таныта алатынын айқындайды.

Осы орайда, сатылымнан түскен қаражатты DAR компаниялар тобының білім, спорт және финтех бағытындағы жобаларын дамытуға, сондай-ақ гранттық бағдарламаларға жұмсауды жоспарланып отырмыз», – дейді Нұрбек Қарабала, DAR компаниясының басқарушы серіктесі.

2020 жылы Cellwize компаниясы Intel Capital мен Qualcomm Ventures компанияларынан 32 миллион АҚШ доллары көлемінде B сериясы бойынша қаржыландыруды алды. Сонымен қатар, Verizon Ventures және Samsung Next компаниялары да қаржыландыру сессияларына қатысқанын айта кету керек.

Тегтер: