USD
USD
USD

Қазақстандық кәсіпкер Оңтүстік Корея Президентінің сыйлығына ие болды

Жүлдені Президент Юн Сок Ёль атынан Дмитрий Лиге Инчхон қаласының мэрі табыстады. Жерлесіміз басқарып отырған компания бір жыл ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық кәсіпкер Оңтүстік Корея Президентінің сыйлығына ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дмитрий Ли Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 2019-шы жылы көшіп барған. Бастапқыда жүргізуші болып жұмыс істеп, кейін көлік экспортымен айналысатын компания құрған. Кореяға көшкенге дейін жерлесіміз еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. "KAZAKH-TV" арнасында ағылшын тілінде жаңалықтарды жүргізді, деп хабарлайды 24kz.

"Бұл сыйлықтың иегерлері Корея экономикасына қомақты үлес қосты. Біз экспорттаушыларды жергілікті және шетелдік деп бөлмейміз. Жүлде кем дегенде 1 миллион долларға кореялық тауарларды экспорттаған бизнесмендерге беріледі",- Корея сауда қауымдастығының Инчхон орталығы директоры Сим Джун Сок

"Әрине, мұнда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, бізге, шетелдіктерге әлдеқайда қиын. Өйткені тіл мен заңнаманы жақсы біле бермейсің. Мұның бәрін зерттеуге көп уақыт қажет. Бірақ маған бірнеше шет тілді, оның ішінде ағылшын мен орыс тілін жетік білетінім көп көмектесті. Әсіресе шетелдік сатып алушылармен кездесіп, байланыс орнатуыма септігін тигізді",- Автокөлік экспорттаушы компанияның басшысы Дмитрий Ли

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар