USD
USD
USD

Қазақстандық каратэшілер Азия ашық чемпионатында жеңіске жетті

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде ересектер арасында Азияның I ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Қазақстандық каратэшілер Азия ашық чемпионатында жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz



Алматы, NEGE. Жалпы есепте 1-орын алған Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль бар.
Екінші орында Иран (3 алтын, 2 күміс, 3 қола), одан кейін 2 алтын жүлдемен Біріккен Араб Әмірліктері тұр.

Чемпионатқа 10 елден 140-қа жуық спортшы қатысты. Атап айтқанда: Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері.

Доданың соңғы күнінде командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды. Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы алтын, ал әйелдер қола жүлдеге ие болды.

Бәсекеде алтын медальді Ұлмекен Жалғас (68 келіден жоғары), Самашева Бэлла (55 кг), Даяна Даренская (61 кг), Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Жоламан Биғабыл (60 кг), Ерсұлтан Тәңірберген (67 кг), Диас Ұлбек (84 кг) жеңіп алды.

Күміс жүлде ката бойынша Лия Қошқарбаева, Мәди Катешов, кумитеден Әйгерім Тұрсынбекова (50 кг), Гүлмира Үсенова (61 кг), Николь Ценгель (61 кг), Дархан Тимралиев (60 кг), Әбілмансұр Батырғалиға (75 кг), Айдос Мұхатқа (67 кг) бұйырды.

Сондай-ақ Ердос Кенжеғалиев (ката), Арина Якубина (68 келіден жоғары), Алина Сұлтанова (50 кг), Ақниет Шеризат (50 кг), Айжан Бакирова (61 кг), Венера Жақсыбаева (68 кг), Милана Власенко (68 кг), Айбек Шарап (60 кг), Дамир Нұрберген (75 кг), Азамат Марат (75 кг), Никита Тарнакин (84 кг) қола еншіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар