USD
USD
USD

Қазақстандық хоккейшілер Венгрияны жеңді

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші матчында Қазақстан бірінші дивизионның А тобында Венгриямен кездесті, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық хоккейшілер Венгрияны жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдымен қарсылас екінші кезеңде екі көпшілікті жүзеге асырды. Бірақ үшінші кезеңде біздің хоккейшілер лайықты күрес жүргізіп, соңы голға ұласты. Жарыста Қазақстан құрамасының голдарын Дінмұхамед Сапарбек ашып, екі минуттан кейін Даниил Цыбин теңестірді. Кездесудің аяқталуына 10 минут қалғанда матчқа Дінмұхамед Қайыржан нүкте қойды. Шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Келесі матчты Александр Истоминнің шәкірттері желтоқсанның 14 күні Дания командасына қарсы өткізеді.

Бірінші кездесуде біздің хоккейшілер француздарға жол берген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК