USD
USD
USD

Қазақстандық гимнаст алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды

 Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық гимнаст алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, З.Ыдырысов ат снарядында 14.066 балмен үздік үштікке ілікті.

Ол тек армениялық спортшыларға ғана жол берді. Гамлет Манукян (14.633) чемпион атанса, Мамикон Хачатурян (14.100) күміс жүлдеге ие болды.

Бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.

Антальядағы әлем біріншілігі 2 сәуірде қорытындыланады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда «ҚыздарНет» сайтына қатысты алғашқы үкім шықты

.

Партиялар неге бір-біріне шүйлікті?

Құрылтай

Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

.

Vietjet Qazaqstan Ресейге ұшатын рейстерін уақытша тоқтатты

Әуе рейсі