USD
USD
USD

Қазақстандық ғалымдардың COVID-19-ға қарсы вакцинасы қандай нәтиже көрсетті?

 Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина жақсы нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Қазақстандық ғалымдардың COVID-19-ға қарсы вакцинасы қандай нәтиже көрсетті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өздеріңіз білетіндей, қысқа мерзімнің ішінде ғалымдарымыз COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны дайындады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол вакциналар бойынша шешім қабылдап, өз тізіміне енгізді. Біздің инактивтелген вакцинамыз қазіргі уақытта клиникаға дейінгі кезеңнен өтіп, өте жақсы нәтижені көрсетті. Суббірліктік вакцинамызға клиника алдындағы зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұнан бөлек, үш платформа бойынша вакцина дайындау үстіндеміз», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Оның атап өтуінше, клиникаға дейінгі сынақ нәтижесі аталған вакциналардың қауіпсіз екендігін көрсеткен. «Алдын ала нәтижелері өте жақсы. Аталған институттың базасында био-фармацевтикалық зауыт салынып жатыр. Ол GMP стандарты бойынша иммундық-бологиялық препарттар шығаратын болады», - деді Асхат Аймағамбетов. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай