USD
USD
USD

Қазақстандық ғалымдар фибринді гидрогель әзірледі

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген бірегей фибринді гидрогельді қолдану арқылы 15 адамға тізе буынының шеміршегін қалпына келтіру операциясы жасалды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

Қазақстандық ғалымдар фибринді гидрогель әзірледі
Фото: NEGE.kz

Аламты, NEGE. «Үш ай ішінде фибринді гидрогельдің клиникалық сынақтары аясында 15 еріктіге ота жасадық. Пациенттердің көпшілігі - буындарында жасына байланысты өзгерістері бар адамдар. Операция 15 минуттан 25 минутқа дейін созылады. Сондай-ақ, барлық операция штаттық режимде жасалды. Науқастардың сауығу кезеңі алты айға созылады, бірақ егде жастағы науқастар үшін қалыпқа келу уақыты ұзағырақ болуы мүмкін. Осы кезең өткеннен кейін алғашқы нәтижелерді жариялай аламыз», – деді қазақстандық ғалым, Ұлттық биотехнологиялық орталық дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай.

Ғалымдардың айтуынша, ұқсас диагноздармен емдеудің бірнеше әдісі бар, бірақ гидрогельді қолдану – зақымданған буындар мен шеміршекті толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жалғыз әдіс.

Ол ҚР БҒМ ғылымды мақсатты қаржыландырудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасы аясында әзірленген. Жобаға Ұлыбритания елшілігі қызығушылық танытып отыр.

Клиникалық сынақтар академик Н. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында наурыз айында басталды. Зерттеудің алғашқы екі кезеңі осы жылдың соңына дейін жалғасады. Кейін бірнеше орталықта клиникалық сынақтар өткізіледі.

Нәтижесінде биомедициналық препарат тіркеліп, оны жаппай өндіру және қолдануға мүмкіндік пайда болады деген жоспар бар. Процедура ақылы да, квота бойынша тегін де жасалмақ.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park