USD
USD
USD

Қазақстандық фильм Францияда бас жүлдені иеленді

Қазақстандық «Мәриям» фильмі топ жарды. Францияның Везуль қаласында өткен Азия киносының халықаралық фестивалінде гран-приді иеленді.

Қазақстандық фильм Францияда бас жүлдені иеленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматылық режиссер Шәрипа Оразбаева алғашқы толық метражды туындыны өз қаржысына 5 күнде түсірген. Кинофестивальде бас жүлде бұйырады деп еш ойламапты. Жеңімпазды алғашқылардың бірі болып, Франциядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері құттықтады.  

«Қуанышымда шек жоқ. Бұл фестивальдің 26 жылдық тарихы бар. Кинофестиваль тарихында алғаш рет әйел режиссер гран-приді алып отыр екен.  Фильмге француз кинодистрибьютерлері қызығушылық танытуда», - дейді режиссер Шәрипа Оразбаева.

Туынды төрт баласын жалғыз өзі өсіруге мәжбүр болған жалғызбасты ананың шынайы оқиғасы желісінде түсірілген. Басты кейіпкер Меруерт Саббусинова онда өзін өзі сомдаған. Енді Қазақстандық «Мәриям» фильмі әлемнің түрлі елдеріндегі кинофестивальдердің конкурстық бағдарламасына қатысады. Одан бөлек, Франция кинозалдарында көрсетілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер