USD
USD
USD

Қазақстандық фильм Берлинде бас жүлде алды

Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтің «Схема» атты фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде гран-приді ұтып алды

Қазақстандық фильм Берлинде бас жүлде алды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Отандық фильм айтулы байқауға Generation (балалар және жасөспірімдер туралы фильмдер) бағдарламасы бойынша қатысты. Жүлде фильм режиссері Фархат Шәріповке тапсырылды.

«Түсірілім тобына маған деген сенімі мен еңбегі үшін алғыс айтамын. Одан бөлек, фильмге түскен жас әртістерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Берлиндегі командаға және бізді шақырғаны үшін рахмет!. Байқауға қатысқанымызға қуаныштымын!. Фильм жасөспірімдер туралы және жасөспірімдерге арналған», - деді Ф. Шәріпов.

Фильм кастингке келген жасөспірімдердің ашық әңгімесі негізінде түсірілді. Фархат Шәріповтің еркін айтылмайтын жабық тақырыпты қолға алуы бірінші рет емес.

Түсірілім 2020 жылдың күзінде Алматыда басталды. Басты рөлдерде Виктория Романова мен Таир Свинцов. Қоюшы оператор Александр Плотников, қоюшы суретші Алексей Шиндин, ал продюсері Дина Жұмабек.

«Схема» фильмін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қатысуымен Medeor кинокампаниясы түсірді.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер