USD
USD
USD

Қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

Дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы Тәжікстан астанасы Душанбеде өтуде. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль жеңіп алды. 

Қазақстандық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Адриан Нието Чинарроны (Испания) иппон ұпайымен ұтты.

Жүлделі орынға дейінгі жолда Сұңғат Израиль спортшысы Даниэль Капелушник, тәжікстандық Нурали Эмомалимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіп шықты. Ширек финалда Мурад Чопановқа есе жіберген ол, жұбаныш белдесуде ұлыбританиялық Чарли Янгтан басым болып, қола медаль үшін күресу мүмкіндігін алған болатын. Осылайша спортшымыз 5 белдесудің 4-еуінде жеңімпаз атанды.

Гран При жарысына 40 елдің 315 спортшысы қатысып жатыр. Әлемдік бәсеке маусымның 4-іне дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс