USD
USD
USD

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Моңғолияда өткен жарыстан қола жүлде алды

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан дзюдодан «Grand Slam» турнирінде ел құрамасы қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Моңғолияда өткен жарыстан қола жүлде алды
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE.
Турнирде 48 келі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясы атынан сынға түскен Сабина Гильниязованы жеңіп, жарыстың қола жүлдесін алды. Айта кетсек, аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясы күнтізбесіндегі 2024 жылғы Париж Олимпиадасына арналған алғашқы рейтингілік жарыс саналады.

Онда спортшылар дүбірлі додаға ұпай жинайды. Халықаралық турнир бүгін, 24 маусымда жалауын көтерді. Аталған жарыста ел құрамасынан ерлерден 13, әйелдерден 7 спортшы бақ сынайды.

Олардың қатарында ерлерден Бауыржан Нарбаев (60 келі), Қанат Сейілхан (60 келі), Елдос Сметов (66 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Бекәділ Шәймерденов (81 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шерхан (100 келіг дейін), Ислам Бозбаев (100 келіге дейін), Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары) татамиге шығады. Ал әйелдерде Абиба Әбужақыновадан өзге Самалай Ерғалиева (63 келі), Зере Бектасқызы (70 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары), Камила Берликаш (78 келіден жоғары) жарысқа түседі.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы