USD
USD
USD

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді

Қазақстанда қауіпті аурулармен жұмыс істейтін дәрігерлерге үстемеақы төленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Цойдың айтуынша, дәрігерлерге берілетін тұрақты төлемдер бюджетте бекітіліп қойған. Үстемеақы тікелей қауіпті індеттермен жұмысқа жұмылдырылған ақхалаттыларға төленеді.

"Үстемеақы коронавирусқа байланып қалмайды, бұл егер инфекциялық агенттермен, мысалы менингит, конго қырым геморрагиялық қызбасы, тағы басқалармен жұмыс істесе де есепке алынды. Инфекциялық аурулар ешқайда кетіп қалған жоқ қой. Олардың көбі коронавирустан да қауіпті", - деді Цой мәжіліс кулуарында.

Министрдің айтуынша, үстемеақы алатын дәрігерлердің нақты тізімі бар.

"Ол жерде бәрі айқын жазылады. Біз әр санат бойынша кімге қанша төленетінін хабарлаймыз. Желтоқсан айында бұйрық шығып, толық ақпарат жария етіледі деп ойлаймын", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе