USD
USD
USD

Қазақстандық дәрігерлер Анталияда өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті

Халықаралық жазғы мектеп аясында Түркияның Анталия провинциясында жүрген Астана медициналық университетінің студенттері мен оқытушылары өрттен зардап шеккендерге көмек қолын созған.

Қазақстандық дәрігерлер Анталияда өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Астана медициналық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Құспаев Facebook парақшасында жазды. 

"Түркияның курорттық қалаларында, әсіресе Анталияның маңында орман өрті өршіп тұр, адам шығыны бар. Бұл күндері біз Анталияда болдық. Анталияға Халықаралық жазғы мектеп аясында барған Астана медициналық университетінің барша студенттері мен оқытушылары гуманитарлық көмек орталығының жұмысына атсалысты. Олар қолдан келгенше көмек көрсетіп, өрттен зардап шеккен тұрғындарға елдің түкпір-түкіпірінен ағылып жатқан азық-түлік пен сусындарды көліктерден түсірісті. Гуманитарлық көмек тиеген КамАЗ-дар бір сағаттың ішінде босап, қайта жолға шығып жатты. Біз қайырымдылық іске қатысып, зардап шеккендерге қандай да бір көмек көрсете алғанымызға қуаныштымыз", – деп жазды университет өкілі.

Еске салсақ, Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі парақшасында Анталия провинциясындағы алапат өрттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін жазған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.