USD
USD
USD

Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде қандай орындарда?

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде қандай орындарда?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екінші аса жеңіл салмақ категориясында Евгений Павлов (3-0, 2 КО) 11-орыннан 10-ға көтерілді.

Германия атынан өнер көрсететін Қазақстан тумасы, орта салмақтағы Анатолий Мұратов (22-2-1, 15 КО) 10-позициядан 8-ге жоғарылады.

Супер ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) 14-інші сатыдан 15-ке түсіп қалды.

Еске салайық, Ж.Кособуцкий соңғы жекпе-жегінде титул үшін айқасты. Ол биылғы ақпан айында нигериялық боксшы Онориод Эхвариемді (18-2, 17 КО) төртінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA International белдігін жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқаратын болды

Ерсайын Нағаспаев

Қазақстандықтардың жеке деректері тарағаны рас па? Мәдиев жауап берді

Киберқылмыс

Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Ерсайын Нағаспаев

Талғарда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан паспорт үшін заңсыз ақша алған

қос азаматтық