USD
USD
USD

Қазақстандық боксшы Венгрия азаматтығын алды

Қазақстандық боксшы Венгрия азаматтығын алды, деп хабарлады Хабар-24. 

Қазақстандық боксшы Венгрия азаматтығын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанайлық Владислава Кухта бұдан былай Мажарстан атынан өнер көрсетеді. Бұл ақпаратты боксшының өзі де, Қазақстан бокс федерациясы да ресми түрде растады. Владислава аталған елдің ішкі біріншілігіне қатысып, чемпион атанып үлгерген. Енді Париж Олимпиадасына жолдамасы сарапқа салынатын турнирге дайындалып жатыр.

«Биыл маңызды шешімдер қабылданған жыл болды. Өзімнің де, бапкерімнің де еңбегін жоққа шығарғым келмей, тәуекелге бардым. Енді мен Венгрия атынан сынға түсемін. Қазақстан әрдайым жүрегімде қалады», - дейді Владислава әлеуметтік желідегі парақшасына қалдырған жазбада.

Айта кетейік, ол олимпиадалық саналатын 60 келіде өнер көрсетеді. Тіпті Қазақстан чемпионатында 2 рет топ жарды. Ал отандық бокс федерациясының басшылығы оның қыркүйек айында ұлттық құрамадан кеткені туралы ақпарат берді.

Қазір оқып жатыр

Шорт-тректен Азия чемпионы Абзал Әжғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтады

Абзал Әжғалиев

Өскеменде порнографиялық материал әзірлеп, таратқан 14 адам сотталды

порногарфия

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі