USD
USD
USD

Қазақстандық боксшы үшінші қарсыласын да нокаутпен жеңді

  Қазақстандық боксшы Виктор Темеров (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы үшінші қарсыласын да нокаутпен жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 жастағы қазақстандық Германияда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, тәжірибелі босниялық джорнимен Милош Яньянинмен (16-40, 13 КО) кездесті.

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелген, алайда айқас ұзаққа созылмады: үшінші раундта Теміров қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін төреші қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

Осылайша Виктор Теміров кәсіби мансабында үшінші мәрте жеңіске жетті. Ол барлығында нокаутпен жеңген. Ал Милош Яньянин 41-ші мәрте жеңіліске ұшырады.

Теміровтың лақап аты «қасапшы» екенін айта кетейік. Бірақ неміс жанкүйерлері Викторды әйгілі отандасымен салыстырып, «жас Головкин» деп атады. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси