USD
USD
USD

Қазақстандық боксшы рейтингте бірден жоғары көтерілді

Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев кәсіпқой рингтегі жеңісінен кейін BoxRec рейтингінде көтеріліп, Батыр Жүкембаевты басып озды. 

Қазақстандық боксшы рейтингте бірден жоғары көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жартылай орта салмақтағы Мәдиев 63-орыннан 22-орынға көтеріліп, 23-орындағы Жүкембаевты бір сатыға ығыстырды.

 

Мәдиев соңғы рет мексикалық Луис Рамоспен (21-1, 19 КО) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы айқас тоғыз раундқа жоспарланды және ол соңына дейін өтті. Мәдиев төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Руслан Мәдиев профи-бокстағы мансабында 14-інші рет жеңісін тойлады. Ал Луис Рамос екінші рет жеңіліп отыр.

Айта кету керек, Мәдиев – Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының клиенті, аталған компания ұзақ уақыт бойы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза