USD
USD
USD

Қазақстандық боксшы Канадада «Жыл жаңалығы» атанды

Канаданың Netboxe.com басылымы 2019 жылды қорытындылады.

Қазақстандық боксшы Канадада «Жыл жаңалығы» атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Netboxe.com 21 жастағы қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы BC Asia және WBC Youth World чемпионы Садриддин Ахмедовты жыл жаңалығы деп таныған. Бұл жайында желіде Қазақстан кәсіпқой бокс парақшасы хабарлады.

«Қазақстанның бірінші орта салмақтағы спортшысы Канадада өзіне артылған үмітті толық ақтады. 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов 18 жасында-ақ жасындай жарқылдап, әуесқойлар арасында үздік атанды. 2018 жылы Садриддин кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл кезде бозбала әуесқой бокста 251 жекпе-жек өткізіп, оның 241-інде жеңіске жеткен болатын. Нұрзат Сабыров және Батыр Жүкембаев секілді қазақстандық боксшылармен жұмыс істеп үлгерген Камил Эстефанның Eye of the Tiger Management атты канадалық компаниясы Ахмедовты қуана-қуана өз қамқорлығына алды. Қазір Садриддинді Марк Рэмси жаттықтырып жүр. Жоғары техниканы меңгерген Ахмедовтың соққысы өте күшті. Рэмсидің айтуынша, оның шәкірті бірнеше жылда әлем чемпионы атанады. Садриддин осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста өткізген 11 айқастың барлығында жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының даңқ жолындағы жетістіктері таңғалдырады», – деп жазады басылым.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.