USD
USD
USD

Қазақстандық бітімгерлерді БҰҰ-ның Африкадағы операцияларына дайындау мәселелері қаралды

Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл крест Комитеті арасында онлайн түрде штабтық келіссөздер жүргізілді.

Қазақстандық бітімгерлерді БҰҰ-ның Африкадағы операцияларына дайындау мәселелері қаралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Тараптар БҰҰ-ның Африкадағы миссияларына қатысу мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін дайындаудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің сарапшылары Орталық Африка Республикасы, Конго және Малидегі қазіргі гуманитарлық жағдайға қатысты тәжірибемен және деректермен бөлісті. Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін даярлау шеңберінде Қорғаныс ведомствосымен ынтымақтастық жоғары бағаланды. Бұл ретте Бітімгершілік дайындық орталығы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетімен өзара іс-қимылды атап өтуге болады.

Халықаралық Қызыл Крест комитеті ел әскері үшін мамандар даярлауға, Қазақстан аумағындағы оқу-жаттығуларға қатысу үшін өкілдер жіберуге, сондай-ақ нұсқаушылар құрамын алмастыруға қолдау көрсетуге әзір  екенін растады.

Естеріңізге сала кетсек, Швейцарияға жасаған ресми сапары аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің Президенті Петер Мауермен кездесіп, онда ел әскери қызметшілерінің БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысу ауқымын кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы мәлімдеген болатын. Әскери контигент жіберетін ел ретінде Қазақстанның рөлі ерекше аталды. Бұған дейін ел Президенті Қазақстанның бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық қағидаттарына бейілділігін Қарулы Күштердің бітімгершілік қызметі іс жүзінде көрсетеді деп атап өткен болатын.

 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе