USD
USD
USD

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме?

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына Қазақстаннан бітімгерлік күш жіберу туралы сұраққа жауап берді.

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенат отырысында журналистер сауалына жауап берген Әшімбаев қақтығыс аймағы ҰҚШҰ-ға мүше елдер аумағына кірмейтінін айтты.

"Жалпы, бұл жағдайда мынадай мәселе маңызды: Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі. Осыған байланысты сұрақ туындайды: қақтығыс аймағына қазақстандық бітімгерлер жіберілуі мүмкін бе? Мұнда біздің позиция анық. БҰҰ жарғысына сәйкес және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың жарғысына сәйкес ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштері, ҰҚШҰ елдері аумағында ғана қолданылады. Қақтығыс аймағы ұйымға қатысушы елдер аумағына кірмейді. Сондықтан осы шарттарға, ратификацияланған келісімдерге сәйкес ҰҚШҰ шеңберіндегі бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге құқығымыз жоқ", - деп түсіндірді Сенат спикері.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен кей министрлер өз орнында қалды

қол қою

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев

Қазақстан «Росатом» компаниясымен алғашқы АЭС-ті салу туралы келісімшартқа қол қойды

АЭС салу туралы келісімшарт