USD
USD
USD

Қазақстандық банктерге «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат берілді

Қазақстандық банктер "МИР" жүйесінің төлем карталары бойынша операциялар жүргізуге рұқсат алды.

Қазақстандық банктерге «МИР» карталарын қабылдауға рұқсат берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы 8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі — Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан  (OFAC) хат алды.

"Бұл ретте, хатта осы төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны айтылған", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының аумағында "МИР" жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсініктеме беру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізген.

"Осылайша, қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған