USD
USD
USD

Қазақстандық балуандар әлем кубогына қатысады

Қазақстандық Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков 10 желтоқсанда АҚШ-та басталатын еркін және әйелдер күресінен әлем кубогында жұлдыздар құрамасы сапында сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық балуандар әлем кубогына қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыс ережесі бойынша әлем чемпионаты рейтингі бойынша алғашқы бестікте тұрған құрамалар қатысады. Олардың қатарына жұлдыздар жинақталған алтыншы құрама қосылады.

Еліміздің атынан Азамат Дәулетбеков пен Жәмила Бақбергенова жұлдыздар жинақталған құрама сапында ойын көрсетеді.

Бірінші кезең елорда уақытымен 22:00-де басталса, екіншісі 03:00, үшіншісі 06:30-да болады. Қазақстандық балуандар екінші және үшінші кезеңде күреседі.

Айта кетсек, әлем чемпионатында әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс алса, еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге қол созды. 

Қазір оқып жатыр

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК