USD
USD
USD

Қазақстандық балуан қыз Түркияда өткен турнирде үздік үштіктен көрінді

Қазақстандық балуан қыз Түркияда өткен Victory Cup турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша әйелдер күресінен аға жаттықтырушы Анар Хамитова. 

Қазақстандық балуан қыз Түркияда өткен турнирде үздік үштіктен көрінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаттықтырушының айтуынша, Маңғыстаулық балуан қыз Әлия Даулет Түркияда өткен Victory Cup халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеге әлемнің түрлі елінен грек-рим, еркін және әйелдер күресімен шұғылданатын 500-дей жас спортшы келген. Атап айтсақ, Франция, Латвия, Иран, әзербайжан, Түркия, Грузия және Қазақстаннан балуандар бақ сынаған.

«Бұл дода біздің балуан үшін Азия чемпионатының алдында жақсы сын болды. Біздің спортшының табандылығы, ерік-жігері жеңіске жетеледі. Оның осы қасиеттері алдағы айтулы жарыстарда да жеңіс тұғырына көтерілуге көмектеседі деп сенеміз. Ендігі қатысатын турниріміз 3-18 маусым аралығында өтеді. Бүгін бой алдырған қателіктерге жол бермеуге тырысамыз», - деді Анар Хамитова. 46 келі салмақта өнер көрсеткен Әлия қола медаль үшін таласта түркиялық балуанмен белдесіп, басым түсті.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur