USD
USD
USD

Қазақстандық ауыр атлет ӘЧ алтынын жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Никита Әбдірахманов Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық ауыр атлет ӘЧ алтынын жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (157+191) бағындырды.

Күміс медаль Өзбекстаннан келген Кудратбек Салимжоновқа бұйырды. Ол 327 (156+171) келі көтерді. Үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет 259 келі (132+163) түйіндеді.

Осылайша Әбдірахманов құрама қоржынына төртінші алтынды салды. Осыған дейін Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілген еді.

Қазір оқып жатыр

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов