USD
USD
USD

Қазақстандық әуе компаниясы Ресей бағытындағы рейсті тоқтатты

QAZAQ AIR әуе компаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерін тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстандық әуе компаниясы Ресей бағытындағы рейсті тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды. Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе