USD
USD
USD

Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ бітімгерлік миссиясы аясында Сахарада қызмет атқарады

Қазақстандық әскери қызметшілер подполковник Асқар Мұхамедрысұлы мен майор Бақтияр Батталов БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы (MINURSO) миссиясының әскери байқаушылары ретінде қызмет атқармақ, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ бітімгерлік миссиясы аясында Сахарада қызмет атқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде ол жерде 2022 жылдың көктемінде аталған миссияға жіберілген Қазақстан Қарулы күштерінің төрт офицері қызмет өткеріп жатқанын атап өткен жөн. 2014 жылдан бері БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы бітімгерлік миссиясына отыздан астам қазақстандық әскери қызметші қатысты.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, үміткерлер еліміздің Қарулы күштері шеңберінде тиісті іріктеу мен медициналық комиссиядан өтіп, қажетті тест тапсырды. Сондай-ақ Асқар Мұхамедрысұлы мен майор Бақтияр Батталов Африка құрлығына жіберілгенге дейін БҰҰ-ның әскери байқаушылары мен штабтық офицерлер курсын шетелде аяқтады.

Қазіргі таңда әскери қызметшілер Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының штабы орналасқан Эль-Аюн қаласына келді. Бірқатар дайындық шараларынан соң олар қызметтік міндеттерін орындауға кіріспек.

Әскери байқаушылар жауапкершілік аймағында жергілікті жерді патрульдеу іс-шараларын жүргізіп, мониторинг нәтижелері туралы миссия басшылығына егжей-тегжейлі баяндайтын болады.

Әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына жіберу күрделі жағдайларда қызмет өткерудің қажетті тәжірибесін алуға және ел Қарулы күштерінің жауынгерлік даярлығын дәйекті жетілдіруге ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев