USD
USD
USD

Қазақстандық әнші Украинаның «Голос» шоуына қатысып, Потапты өзіне қаратты

Әнші Ерназар Жұбан Украинаның «Голос» шоуына қатысып, көрмей тыңдау кезеңінен өтті.

Қазақстандық әнші Украинаның «Голос» шоуына қатысып, Потапты өзіне қаратты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. The Weekend тобының «Take My Breath» әнін орындаған атыраулық жігітке белгілі продюсер Алексей Поталенко (Потап) бұрылды.

25 жастағы әнші қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жобаның ұйымдастырушыларымен байланысқа шыға алмағанын айтты. Бағына орай, барлығы аяқталған соң, Киевке үлгеріп ұшып келгенін атап өтті. 
Соңғы секундтарда Ерназарға украиналық продюсер Алексей Поталенко бұрылды. «Соңғы сәтте бұрылғым келіп кетті. Себебі дауыспен ойнап тұрдыңыз. Барлығы мінсіз болды дей алмаймын. Бірақ батылдығыңыз үшін бұрылдым. Біз Қазақстаннан келетін қатысушыларды өте жақсы көреміз. Олар – нағыз жауынгерлер», – деді Потап Ерназардың өнеріне баға беру барысында. 

Айта кетейік, Ерназар Жұбан былтыр «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқан еді. Ол Сәкен Майғазиевтің тобында өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ

Amanat Drive қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға сотталды

Көңілбай Шүкен