USD
USD
USD

Қазақстандық альпинист Эверест шыңына шықты

Тараз тұрғыны Эльбрус шыңын бағындырды. Анвар Ханбабаев Ресей, Кавказ бен Еуропаның ең биік нүктесіне шығып, еліміздің көк байрағын 5 мың 642 метр биіктікте желбіретті. 

Қазақстандық альпинист Эверест шыңына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл менің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тартуым» дейді альпинист. 34 жастағы азаматтың мамыр айында басталған сапары 8 күнге созылған. Бұл идеяны ол бірнеше жыл бұрын бастап жүйелі түрде жаттыққан. Кейін 10 адамнан тұратын ресейлік альпинистер тобына қосылып, жоспарын жүзеге асырды. Қазір ол елге оралып сүйікті ісін жалғастырып жатыр. Келешекте Эверест пен Килиманджаро шыңдарын бағындырмақ.

Анвар Ханбабаев: «Шыңды бағындыру оңай шаруа емес екендігіне тағы да көзім жетті. Аяз, боран. Оттегі жетіспейді. Артқа шегінуге намысым жібермеді. Туған-туыстарым, жерлестерімнің қолдауының арқасында мақсатыма жеттім. Түскі сағат 12:18 шамасында Эльбрусқа көтерілдім. Қазақстанның туын шығарып желбіреттім. Көкірегімді мақтаныш кернеп, ерекше сезімге бөлендім. Осылайша Егемендігіміздің 30 жылдығына ерекше  үлес қосқым келді», – деді. 

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң