Қазақстандық актерлар француз сериалында ойнады

Қазақстандық актерлер Самал Еслямова мен Данияр Алшынов «INFINITI» атты француз сериалында ойнайды.
Алматы, NEGE. «INFINITI шағын-сериалының түсірілімі басталғанын хабарлауға қуаныштымыз, бұл – қызықты тергеу жұмыстары және бұрынғы кеңестік қала Байқоңырдың шалғай жерінен Халықаралық ғарыш станциясының модульдеріне алғашқы саяхат. Бұл триллер қазақтың әсем даласын ғарыштың қозғалыссыз мәңгілігіне қарама-қайшы қояды», - делінген Canal+ француз телеканалының анонсында.
1 наурыз күні басталған түсірілім Қазақстан, Украина және Франция аумағында жүргізіледі.
Режиссер - Тьерри Пуро. Басты рөлдерді француз актрисасы Селин Саллет және қазақстандық актер Данияр Алшынов ойнайды.
Сонымен қатар, сериалға қазақстандық актриса Самал Еслямова түседі. Сериал мазмұнына сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясы байланысқа шықпай қояды. Ал оның экипажы апатқа ұшырау алдында.
Онымен бір мезгілде, Қазақстанда тұрғын үйдің шатырынан америкалық астронавт, Халықаралық ғарыш станциясында болуы тиіс Энтони Курцтың басынан айырылған денесі табылады.
Ғарыш бағдарламасынан шеттетілген француз астронавты Анна Зарати және қазақстандық полицей Исаак Тұрғын бұл ғажайып парадоксты тергеуге тырысады.
«Бір жылдық тосу, зумда сағаттарға созылған оқулар, ақырында мен осындамын. Халықаралық сериалдағы менің алғашқы рөлім. Әрқайсысы бір сағаттан 6 серия, сценарийінен бас алу мүмкін емес, қамқор тамаша команда, алаңдағы аса талантты әріптестер. Осының барлығы үшін, өмір сүру, жаңа дүниені жасау, қуану мүмкіндігі үшін шексіз алғыс. Ал, кеттік!...», - деп жазды Д.Алшынов Instagram-да.