USD
USD
USD

Қазақстандық 10 боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты бел ортасына келді. Аталған біріншілікте Қайрат Сатжанов бастаған оғландар ұлттық құраманың біраздан кеткен есесін қайтара бастады. 

Қазақстандық 10 боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Олардың қатарында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бар.

Бұл жөнінен сегіз боксшымен екінші орында Ресей тұр. Үшінші орындағы Өзбекстан, Куба, АҚШ құрамаларынан алты боксшыдан ширек финалға өтті.

Ал Үндістан мен Таиландта – бес, Әзербайжанда – төрт, Бразилия, Жапония, Сербия, Италия, Қырғызстан, Франция мен Түркияда – үш боксшы жарыстың аталған сатысында сынға түседі. Екі-екіден Моңғолия, Беларусь, Англия, Армения, Грузия және Эквадор, бір-бірден Венесуэла, Литва, Иран, Хорватия, Бельгия, Польша, Барбадос, Болгария, Финляндия, Германия, Тринидад және Тобаго, Шотландия, Иордания, Албания, Молдова, Ирландия, Колумбия, Мексика, Украина және Испания құрамалары үздіктерін ширек финалға қосады.

Ширек финал ойындары 2 қарашаға белгіленген.

Әлем чемпионаты 6 қарашада аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова