USD
USD
USD

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Су спорты түрлерінен Ахмедабад қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүзу сайыстары аяқталды.

Жүзу
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды.

Сары құрлық чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бірінші орынға ие болды.

Күміс медаль иегерлері: Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй), София Әбубәкірова (50 метр арқамен жүзу), Глеб Коваленя (50 метр еркін стиль), Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс), София Әбубәкірова (50 метр баттерфляй).

Қола жүлде иегерлері: Софья Сподаренко (100 метр баттерфляй), Максим Сказобцов (50 метр баттерфляй), Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй), Қазақстан аралас құрамасы (4х100 метр еркін стиль эстафетасы).

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы