USD
USD
USD

Қазақстандық жұп жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты

Қазақстанның ерлер құрамасының өкілдері Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Филиппиннің Санта-Роса қаласында жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатында 1/4 финалға шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спорт
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық жұп топтық кезеңнен сәтті өтті. Отандастарымыз Жапонияға есе жібергенімен, Таиланд пен Аустралия командаларынан басым түсті.

Бұл жеңіс Богату мен Яковлевке Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді. 1/8 финалда қазақстандықтар Индонезиядан келген жұппен кездеседі.

Сондай-ақ, плей-оффқа әйелдер жұбы Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко да шықты. Оларға 1/8 финалға шығу үшін Таиланд командасына қарсы кездесуде жеңіске жету қажет.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе