2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Дубай соты 22 жастағы Қазақстан азаматы Ернұр Алмаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесу және 2,5 млн дирхам (300 млн теңгеден астам) көлемінде айыппұл салу жөнінде үкім шығарды.

Ернұр Алмахан
Фото: Отбасы мұрағатынан

Астана, NEGE. Ернұр Алмахан Біріккен Араб Әмірліктеріне 2024 жылдың күзінде жұмыс істеу үшін барған. 

Бірінші инстанция сотының ресми шешімі 18 наурызда шығарылғанымен, отбасы бұл қатаң үкім туралы тек 2026 жылдың сәуірінде ғана білген.

Жігіттің анасы Нұргүл Алмаханова баспасөз конференциясында ұлына тағылған айыптармен келіспейтінін және оған жала жабылды деп есептейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, іс бойынша көптеген мән-жай толық зерттелмеген. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады және қазіргі уақытта апелляциялық шағым дайындалып жатқанын хабарлады. Апелляциялық шағымды қарау 27 сәуірге белгіленген.

Кейбір БАҚ Араб Әмірліктерінде жүргізуші болып жұмыс істеген жігіттің 2025 жылдың қаңтарында Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың бірі Эдвард Сабировтың вилласына жасалған қарулы шабуыл ісіне қатысы болуы мүмкін екенін жазды.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур