USD
USD
USD

Қазақстандық жеті боксшы World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады

Халықаралық World Boxing федерациясы әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады.

Махмұд Сабырхан
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасының жеті өкілі үздіктер тізімінің көшін бастады.

Атап айтқанда, Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін, 2-орын), Виктория Графеева (60 келіге дейін, 3-орын), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары, 3-орын) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін, 2-орын) үздік үштікке енді.

Айта кетейік, рейтингтік ұпайлар 2024 жылғы Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының, Әлем кубогы кезеңдерінің және World Boxing Challenge турнирлерінің нәтижелері бойынша беріледі.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева