USD
USD
USD

Қазақстандық жас теннисшілер екі ірі жарыста топ жарды

Қазақстандықтар Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Анастасия Крымкова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты, деп жазады Olympic.kz.

Теннис
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жалғасбай Барселонада (Испания) J100 жарысында жеңімпаз атанды. Қазақстандық теннисші франциялық Николь Робермен бірге финалда украиналық Максим Колобишко – испаниялық Ноа Лопезді 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Дамир финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде испаниялық Тито Чавеске жол берді – 4:6, 1:6.

Өткен аптада Дамир Польшада J100 додасында озып шығып, соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге кірді.

Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J100 турнирі аяқталды. Қыздар арасында Сәтима Төреген мен Анастасия Крымкова чемпион болды. Қазақстандықтар финалда ресейліктер Алена Харченко – Кира Плишвитчеваны айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков