USD
USD
USD

Қазақстандық жас боксшылар Сербиядағы халықаралық турнирде бес медаль жеңіп алды

26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Сербияның Суботица қаласында бокстан халықаралық турнир аяқталды. Аталған сында қазақстандықтар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жастар арасындағы турнирге Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысып, оның бесеуі жүлдеге ілікті.

Атап айтар болсақ, Дәулет Боранқұлов (51 келі), Рамазан Орынбасар (54 келі), Әділет Ерманов (54 келі), Жәңгір Алдаберген (67 келі) және Даниял Райымбеков (92 келі) турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Бес боксшы да жартылай финалда жеңіліс тапты.

Еске салайық, Сербиядағы халықаралық бәсекеге Қазақстан, Грузия, Әзербайжан, Словения, Австрия, Шотландия, Беларусь, Черногория, Босния және Герцеговина, Румыния, Латвия, Польша, Косово, Ресей және Сербиядан боксшылар қатысты.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов