Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатын сәтті бастады

Алматы, NEGE. Онда алдымен 19 жасқа дейінгілер шаршы алаңға шықты. Жетеуі қарсыластарын қапы қалдырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Қазақстандық боксшылардың алғашқы жекпе-жегі туралы нәтиже төмендегіше:
Ұлдар
50 келі. Әділ Асқанбай — Чой Цзюнь Вон (Оңтүстік Корея). Төрешілер шешімімен жеңіс корейлік боксшыға берілді.
70 келі. Бейбарыс Әшірбай — Фарух Юлдашев (Түркменстан). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.
80 келі. Тимур Тайбеков — Бенджамин Райан Ли (Сингапур). Жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
90 келіден жоғары. Бексұлтан Қайратұлы — Ислам Салихов (Өзбекстан). Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Қыздар
48 келі. Диана Серікбаева — Ким Юн Цзы (Оңтүстік Корея). Жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
51 келі. Айым Таңқыбаева -Тран Тхи Хоа (Вьетнам). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.
54 келі. Жанель Имантаева — Муслима Тургонова (Өзбекстан). Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
57 келі. Аяжан Ермек — Сакура Окаяма (Жапония). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.
Аталған дода World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы алғашқы құрлық біріншілігі. Сонымен қатар 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады.
Құрлықтық дода 11 тамызға дейін жалғасады.