USD
USD
USD

Қазақстандық төреші үстел теннисінен Азия чемпионатында төрелік етеді

30 маусым және 6 шілде аралығында Чунцин қаласында (Қытай) үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Теннис
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда Чунцинге билет сатып алатын еліміздің бір ғана өкілі белгілі - бұл халықаралық санаттағы судья Тимур Ходжаев (Қарағанды). Азия үстел теннисі Одағының төрешілері және төрешілер комитеті қазақстандықтың кандидатурасын бекітті және ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына төрелік етеді.

Тимур Ходжаев «TTF Grand Finals Astana 2017» ширек финалының, «ITTF Kazakhstan International Open Karaganda 2021», «WTT Contender Almaty 2022», «WТТ Youth Contender Linz 2023» финалдық ойындарының жетекші төрешісі, 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының ұйымдастыру комитетінің директоры.

Қазіргі уақытта Тимур Ходжаев «Blue Badgein Progress» аралық төрешілер санатына ие.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев