USD
USD
USD

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің ширек финалына жолдама алды

Шымкентте теннистен Дэвис кубогының жасөспірімдер арасындағы Asia/Oceania аймағы бойынша іріктеу турнирінің топтық кезеңі аяқталды.

Қазақстандық теннисшілер
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисшілер алдымен Жаңа Зеландияны, кейін Иранды жеңді. D тобындағы соңғы ойында біздің команда Қытайға есе жіберді.

Нәтижесінде, құрамамыз 1/4 финалға жолдама алды. Жеребе қорытындысы бойынша 22 мамырда ширек финалда Қазақстан құрамасы Жапонияға қарсы ойнайды.

Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне өту үшін іріктеу кезеңінде міндетті түрде жартылай финалға шығу қажет.

1/4 финалдың басқа жұптары:

Аустралия – Қытай

Қытай Тайбэйі – Өзбекстан

Оңтүстік Корея – Гонконг

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы