USD
USD
USD

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогынан шығып қалды

Астанада өткен Дэвис кубогында Қазақстан құрамасы Данияға жалпы есепте жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теннис
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. 15 қыркүйекте алдымен жұптық сында Александр Недовесов пен Бейбіт Жұқаев Йоханнес Ингилдсен мен Кристиан Сигсгаардпен шеберлік байқасты. Кездесу барысында қазақстандық теннисшілер қарсыластарына 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді.

Ал, ұлттық құрама сапында тұсаукесер ойынын өткізген Бейбіт Жұқаев даниялық Филипп Хертке алдымен 3:6 есебімен жеңіліп, одан кейін 6:4, 10:8 есебімен басым түсті..

Ел құрамасы 14 қыркүйектегі бірінші ойын күнінде екі кездесуде жеңіліп қалды.Еліміздің ерлер құрамасынан Александр Бублик Эльмер Мёллерге, Александр Шевченко Август Хольмгренге есе жіберген еді.

Жалпы есепте Дания құрамасына 1:3 есебімен жеңілген қазақстандық теннисшілер жарыс жолынан шығып қалды.

Нәтижесінде қарсыластар 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда ағаштарды рұқсатсыз кескендерге қатысты іс қозғалды

Ағаш кесу

Заңсыз ішімдік саудасы: кәсіпкерлерге 932 млн теңге айыппұл салынды

Арақ