USD
USD
USD

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мадридтегі турнирде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен италиялық Николь Фосса Уэрго Испанияның Мадрид қаласында өткен W100 сериялы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды.

Жібек Құламбаева
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Финалда олар испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте қарсыластары басым түсті — 7:6 (9:7). Екінші сетте Жібек пен Николь жеңіске жетті — 7:6 (7:4).

Кездесудің тағдыры шешуші тай-брейкте шешілді. Бұл жерде Қазақстан мен Италия теннисшілері 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы