USD
USD
USD

Қазақстандық теннисші ITF J100 турнирінде топ жарды

Польшаның Краков қаласында теннистен жасөспірімдер арасында ITF J100 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Теннис
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған сында қазақстандық Дамир Жалғасбай үздік шықты.

Дамир финалда венгриялық Колос Кинчесті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, чемпион атанды. Бұл – оның спорттық жолындағы екінші, биылғы бірінші титулы.

Сондай-ақ 12 және 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe және ATF жарыстарында да қазақстандық жасөспірімдер жақсы табысқа қол жеткізді.

Черногорияда екінші санаттағы ТЕ додасында жұптық сында Айым Қанағатова румыниялық Мария Чичумен бірге соңғы бәсекеде Кристина Шегай (Қазақстан) – Висня Митичті (Сербия) тізе бүктірді – 6:2, 6:2.

Баку қаласында АТF жарысында қазақстандықтар озық шықты. Финалда жекелей сында қыздар арасында Алиса Королева үндістандық Яхнави Таменедиді жеңді – 6:1, 2:6, 6:3. Асқар Әмір жекелей сында чемпиондық атақ үшін бәсекеде тағы бір үндістандық Пунит Монохарға есе жіберді – 6:7, 1:6.

Дегенмен Асқар жұптық сында сол Пунитпен бірге финалда Сухаль Фарухи (Иордания) – Ахмад Саруджиді (Сауд Арабиясы) ойсырата ұтты – 6:1, 6:1.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе