USD
USD
USD

Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы жарысты сәтті аяқтады

Таекводондан Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамасы Сербияда өткен Serbia Open G1 халықаралық жарысын сәтті аяқтады, деп мәлімдеді Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы.

Т
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Алматы, NEGE. Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық жарыста жастар құрамасы 4 алтын, 1 қола жүлде еншіледі. Сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасы медаль кестесінде жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Жастардан Нұрперзент Саматұлы (48 келі), Тасқын Теміржан (51 келі), Қанат Рахымберді (68 келі), Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары) чемпион атанса, Бекет Болатұлы (73 келі) қола жүлдеге қол созды.

Ал жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Хамзальпер Ромашкин (61 келі), Диас Байдуллаев (33 келі) алтын алса, Руслан Стацина (37 келі) күміс, Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі) және Мирас Есенгелдин (65 келі) үздік үштікке тұрақтады.

Турнирге әлемнің 30-ға жуық елінен барлығы 800-ден астам спортшы қатысты.

Айта кетерлігі, бұл 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты нәтижесінде жасақталған жаңа құрам үшін алғашқы халықаралық жарыс болды. Спортшылар жарысқа Түркістан облысында өткен оқу-жаттығу жиынында дайындығын пысықтады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар