USD
USD
USD

Қазақстандық таеквондошылар Сербияда өткен кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы турнирде 11 медаль жеңіп алды

Таеквондодан Сербияның Белград қаласында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер мен жасөспірімдер құрамалары сәтті өнер көрсетті.

таеквондошылар
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE.  Кадеттер екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер жарысты төрт алтын және бір қола жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Кадеттер арасында Хамзальпер Ромашкин (61 келі) мен Диас Байдуллаев (33 келі) чемпион атанды. Екінші орынды Руслан Стацина (37 келі) еншіледі. Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі) және Мирас Исенгельдин (65 келі) үшінші орыннан көрінді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Теміржан Тасқын (51 келі), Нұрперзент Саматұлы (48 келі) және Қанат Рахымберді (68 келі) алтын жүлде иегері атанды. Бекет Болатұлы (73 келі) қола медаль жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Алматы әуежайы

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша