USD
USD
USD

Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы турнирдің алтын медалі үшін бақ сынайды

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан «World Taekwondo Diamond Game» турнирі өтіп жатыр.

Таеквондо
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Әйелдер арасындағы командалық сайыста өнер көрсететін Аида Тәукенова мен Камила Аймукашева финалға жолдама алды.

Отандастарымыз жартылай финалда Индонезия құрамасымен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы финалдық жекпе-жекте Марокко құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов