19 Мамыр 17:11
...
Қазақстандық студенттер Гонконгта мемлекеттік грант бойынша оқи алады

Алғашқы 100 қазақ студенті Satbayev University базасында ашылған CityU Зерттеу және инновациялар институтында оқуын бастады.
Алматы, NEGE. Ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және ҚХР Бас консулдығының өкілдері қатысты.
Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаевтың айтуынша, бұл институт жоғары білім сапасын арттыру бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Әлемдегі үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына кіретін CityU университетімен әріптестік аясында студенттер озық ғылыми білімге қол жеткізеді. Ашылу күні елімізде алғаш рет әлемнің үздік 100 ЖОО-сының бірімен қос дипломды PhD бағдарламасы іске қосылды.
Оқу тілі – ағылшын тілі, ал білім ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты есебінен жүргізіледі. Алғашқы екі жыл – Алматыда, қалғаны – Гонконгта өтеді.
Бағдарламалар жасанды интеллект, материалтану және құрылыс салаларын қамтиды. Институт әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлайтын алаң болмақ.8317:06