24 Мамыр 09:29

Қазақстандық стендап-комик 15 тәулікке қамалды

Микрафон
Фото: ғаламтордан

Стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі), деп хабарлайды Жоғарғы сот. 

Алматы, NEGE. Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram каналында қамауға алынған стендап-комиктің Нұрасхан Басқожаев екенін жазды.