USD
USD
USD

Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында ұсталды

Қазақстандық спортшы Сергей Веселов Сауд Арабиясында ұсталған.

Сергей Веселов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Оны құқық қорғау органдары ұстады. Қазір ол Мединеде. Әзірге оған айып тағылған жоқ. Біз мән-жайды анықтап жатырмыз», – деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Сергей Веселовтың әкесінің айтуынша, ұлы 19 маусымда Астанадан Ыстанбұлға демалуға ұшып кеткен. Сол күннен бастап бір аптадай туыстарымен байланыста болған, кейін байланыс үзілген. Іздеуді бастаған әкесі ұлының Мединеде екенін анықтаған. Бірақ оның не себепті сонда барғанын туыстары білмейді.

«Қазіргі уақытта оның тірі екенін білдік. Тергеуде жатыр. Бірақ бізге қай бөлімшеде отырғаны және қандай бап бойынша айыпталып жатқаны айтылмады. Консул уақыт қажет дейді. Консулдың айтуынша, ұлым Сауд Арабиясында, Мединеде», – дейді жігіттің әкесі.

19 жастағы Сергей Веселов – Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен әлем чемпионатының жүлдегері және Азия чемпионы.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама