USD
USD
USD

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Сенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Джеффри Эпштейн ісіне қатысты Қазақстан прокуратурасы жүргізіп жатқан тексеруге қатысты сұраққа жауап берді.

Қадағалаушы орган
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ерлан Өтегенов Эпштейн ісіне қатысты депутаттық сауал негізінде үш миллионға жуық хабарлама тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазір біз деректерді толық зерттеп жатырмыз, оның ішінде Қазақстан азаматтары қай тұстарда аталатынын және жалпы Қазақстан туралы қай тұстарда сөз болатынын анықтап жатырмыз», – деді бас прокурордың орынбасары.

Журналистер Эпштейнге қатысты құжаттарда Кәрім Мәсімов пен Қайрат Келімбетовтің есімдері кездесетінін еске салып, «Қандай да бір шенеуніктің қатысы бар ма?» деп сұрады.

Бұл сұраққа Өтегенов «Тергеу жүріп жатыр» деп қысқаша жауап берді.

Ол деректер көлемі өте үлкен екенін және жан-жақты талдау мен тексеруді қажет ететінін айтып, тексеру қашан аяқталатынын нақтыламады.

Айта кетейік, қаржыгер, сексуалдық қылмыстар үшін сотталған Джеффри Эпштейн ісіне қатысты жарияланған архив құжаттарында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, Қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған Кәрім Мәсімовтің, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетовтің есімдері аталады.

Таяуда депутаттар осы тұлғаларға қатысты тексеру жүргізуді талап еткен. Соның ішінде мемлекеттік құпия деректердің тарап кетпегенін тексеру қажеттігі айтылған.

Қазір оқып жатыр

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж

PISA-2025: Қазақстан оқушылары қандай нәтиже көрсетті?

Сынып