USD
USD
USD

Қазақстандық шаңғышы қола емес, күміс медаль алатын болды

Екінші орын алған жапониялық спортшының тыйым салынған материалдарды қолданғаны анықталды.

Константин Борцов
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Азиада-2025 ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль түсті. Бұған дейін қола медаль иеленген Константин Борцов жүлдесінің дәрежесі көтерілді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

Шаңғы жарыстарының ресми нәтижелеріне өзгерістер енгізілді. Бұған жапониялық спортшының дисквалификациясы себеп болды. Тексеру нәтижесінде оның тыйым салынған материалдарды қолданғаны анықталған.

«Осылайша, Константин Борцов Азиада-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды! Бұл – Қазақстан құрамасының осы жарыстағы үшінші медалі», – делінген дирекция хабарламасында.

Бұған дейін Борцов классикалық стильдегі спринтте үшінші орын алған болатын. Ал бұл жарыстағы алтын медальді қытайлық спортшы Ван Сянь иеленген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстан азаматы

Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді

«Әділет» партиясы

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі